ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «CNPC», «Exxon Mobile», «CLAAS Group», «BaoWu Resources» ірі трансұлттық компаниялар өкілдерімен кездесу өткізді.
Талқылауға «CNPC» компаниясының президенті Хоу Чицзюнь, «Exxon Mobile» компаниясының аға вице-президенті Чапман Нил, «CLAAS Group» компаниясының бас директоры Мор Ян-Хендрик және «BaoWu Resources» вице-президенті Джанг Хуа қатысты.
Тараптар сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын дамыту мәселелерін талқылап, энергетика, тау-кен металлургия кешені және машина жасау салаларындағы перспективалық жобалар бойынша пікір алмасты.
Р. Скляр шетелдік компаниялар өкілдеріне Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайтуға үлкен көңіл бөлетінін айтып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.
Өз кезегінде халықаралық инвесторлар ҚР Үкіметінің бизнеспен инвестициялық ынтымақтастықты дамытудағы жұмысын жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.