Жарияланды: 27.06.2023

Кәсіпкер өзіне тиесілі жер телімін ұзақ уақыт бойы тіркете алмаған

Кәсіпкер «Азаматтарға арналған үкімет» ҚЕ АҚ-ы Түркістан облысы бойынша филиалы Төлеби аудандық бөлімшесі қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағым келтірді.

Бизнес өкілінің шағымында бөлімше қызметкерлері өзіне тиесілі жер телімін мемлекеттік тіркеу үшін баж салығын бекітілген тарифтен жоғары сомада төлеуді талап еткенін көрсеткен. Бөлімше қызметкерлері түрлі себептерді алға тартып, кәсіпкердің жер учаскесін тіркеуден 1,5 жылдың ішінде 3 рет бас тартқан.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп аталған филиал басшылығына енгізілген ұсыныстар негізінде, кәсіпкердің құжаттары рәсімделген.

Нәтижесінде, мемлекеттік баж салығын заңмен белгіленген тарифпен төлеу арқылы кәсіпкердің құқығы қорғалды.

 

393 қаралым