Жарияланды: 28.07.2024

Дүбірлі додада сайыпқырандар жеңіске жетті

фото ҚАӘБҚ

 

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен орталық қызметкерлері арасында «Ұлттық спорт – ұлттық келбет» атты қазақша күрестен жарыс ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты — ұлттық ойындарды насихаттау, іс-шара ұлттық ойындарды жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған. Ата-бабадан мирас болып келе жатқан бұл ойындар қазақ халқының мәдени мұрасын сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дәріптеуге де басты маңыз беріліп отыр. Байқаулар қазақ халқының ұлттық ойындарын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын дәріптеуге, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және өз мәдениетіне деген мақтаныш сезімін оятуға ықпал етеді. Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру — жастардың бойына туған жерге, халқына, Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру басты міндеттердің бірі. Мұндай іс-шаралар қазақ халқының мәдени мұрасын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді. Ұлттық спорт түрлерімен айналысу жастардың дене бітімі мен денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. Жарыстар жастар арасындағы қоғамдық келісімге және достықты нығайтады. Спортты танымал ету: Ұлттық спорт түрлерін насихаттау олардың қазіргі қоғамда танымал болуына және дамуына ықпал етеді.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен ҚММ Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Ұлттық спорт – ұлттық бейне» атты қазақ күресінен жарыс ұлттық ойындарды насихаттап қана қоймай, жастардың өз мәдениетіне, Отанына деген сүйіспеншілігін нығайтады. Мұндай іс-шаралар мәдени мұраны сақтауда және жастардың дене шынықтыруында маңызды рөл атқарады. Сайыс өте тартысты өтті. Дайындықтары мықты мамандар әлсіздерді алып та жықты, шалып та жықты.

Айтулы додада жаттығуы мол болған, бабы мен бағы қатар шапқан қызметкерлер жүлделі орындарға ие болды. Жарыс қорытындысында Сапарәлі Сәленов бірінші орынды иеленіп, 150 000 теңгені қанжығасына байлады. Ал, екінші орынға ие болған Елдос Тұрысбек 100 000 теңгені қанжығасына байлады. Үздік үштікті Нұршер Әзімбай қорытындылап, 75 000 теңге көлемінде сыйақы жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан көрінгендердің барлығы да нағыз лайықтылар. Сонымен қатар, шеберлігімен көзге түскен Алмас Бағдатов Алмас, Жағалбай Жүніс ынталандыру 30 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.  Қазақша күрес жарыстары қатысушылардың дайындығы мен ұлттық салт-дәстүрге деген адалдығын көрсетті. Марапаттар қатысушыларды одан әрі табысқа жетуге ынталандырып қана қоймай, жастардың мәдени мұрасы мен дене тәрбиесіндегі ұлттық спорт түрлерінің маңыздылығын атап көрсетеді.

100 қаралым