
фото ТОПД
Есірткі зертханаларына арналған прекурсорлар мен жабдықтарды ел аумағында сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.
Алматы қаласында өткізілген жедел іс-шаралар барысында өздерінің заңсыз әрекеттері үшін Telegram-ды пайдаланған 10 фигурант анықталды.
Прекурсорларды сақтауға арналған үш үй-жай табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы үш тоннадан асты. Олардың құны 420 миллион теңгеден асады. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.