Жарияланды: 12.10.2018

Отбасы құндылығы деген не?

«Отбасы адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы».  Қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың, жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің жоғалуы, тәрбиенің төмендеуінің өте кең өріс алуы көрініс табуда. Дағдарыстың себебі: Адамның рухани – адамгершілік тұрғыда ашығуы. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар деген не? Ол — ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Ал, отбасы құндылықтары дегеніміз — бір — бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт — дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.
Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп, бір — бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз – қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл — кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан, ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез — келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт — дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір — біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т. б жатады.

29 911 қаралым