«Бүгін бала,ертең ата-ана». Осындай атаумен Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты №21 Яссауи атындағы жалпы орта мектебінде келелі кездесу өтті. Жастарға отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған жиын облыстың барлық елдімекендерінде қолға алынуда. Басқосуда жасөспірімдерге баяндама оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты — жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, жыныстық қатынасқа саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау.
Бүгінгі жас оқушы ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлға болуға тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, егемен еліміздің болашақ тұтқасы, кемел келешектің қожасы екендігін ұғындыру еді. Кездесуге Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімнің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы, мектеп психологы, медбикесі және жасөспірімдер қатысты.
Отбасы — жеке тұлға үшін де, мемлекет үшін де ең басты құндылық. Жанұя жылуы мен шаттығы ешнәрсеге айырбастамас құнды қазына. Ал, оның керегесін кең, босағасын берік ету ер мен әйел тікелей байланысты. Отбасы татулығын сақтап, жастардың үлкен өмірге тәрбиелеуде осындай жиынның берері мол.