Жарияланды: 30.11.2019

Шымкент үшінші мегаполис қала атанғалы қарқынды даму үстінде

«Шымкент үшінші мегаполис қала атанғалы қарқынды даму үстінде. Осыған байланысты біз халықтың әл-ауқатын көтеру үшін тиісті жұмыс атқаруымыз керек. Мәселен, Түркістан облысымен бірлесіп азық-түлік белдеуін құру күн тәртібінде тұрған мәселе. Одан бөлек, қалада агро-индустриалды аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы халықты сапалы әрі отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жасалынып жатқан жұмыстар»,-деді Ерлан Қуанышұлы. Жуырда ғана қаламызға ат басын бұрған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласына қарқынды күш салып жатқанына ерекше тәнті екенін жеткізе отырып, шымкенттік шаруаларды және тиісті мамандарды АҚШ-қа тәжірибе алмасуға шақырған болатын. Алдағы уақытта осы шақырту бойынша сала мамандары тәжірибе алмасы шараларын ұйымдастыруды жоспарлауда.

860 қаралым