Жарияланды: 30.11.2019
Жол айырықтары көптеп салынуда
Шымкент қаласындағы жол айырықтарына үлкен мән берілуде. Бұл өз кезегінде көлік кептелісінің алдын алуға көп септігін тигізеді. Қаладағы күретамыр көшелердің бірі Темірлан тас жолының бойындағы үлкен жол айырығының екінші кезеңі жүргізілуде, «Отырар». Бұл жолы мердігерлер көпір үстіндегі оң және сол жақ 4 өткелді салады. Жолдың ені 18, ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жер жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің айтуынша жолдың құрылысы үшін бюджетен 845 млн. теңге қаражат бөлінген. «Бекжан» базары маңындағы шаһардың алғашқы жолайырығы өткен жылы қолданысқа берілген еді және оның құрылысы үшін 1,7 млрд. теңге қаражат жұмсалды. Құрылыстың екінші кезеңі қолданысқа берілсе кез — келген төрт бағыт бойынша көлік қозғалысы оңтайланады.
2019-11-30
1 099 қаралым