Жарияланды: 17.02.2020

Шымкенттік кәсіпкер ешкі сүтін өндіретін ферма ашуды жоспарлауда

 

Шымкенттегі «Бәйтерек Агро» АӨК-і бүгінгі таңда мал бордақылау және тауарлы сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Кешенде 1800 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы бар.

Кешеннің аумағы: 300 га егістік және жайылым (аренда), 14 га қоражайдан құралған. Кешеннің негізгі өндіріс саласы — ірі қара мал бордақылау, тауарлы сүт фермасы, сүт қабылдау, қайта өңдеу, және мал сою орны болып табылады.

Кәсіпорын тәулігіне 2 тоннаға дейін сүт қабылдап, тәулігіне 6 тоннаға дейін сүт өндіреді және 100 бас ірі қара мал сойылады. Қазіргі таңда мұнда 25 адам тұрақты, 15 адам ауысым кезінде жұмыс атқарады.

Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Бәйтерек Агро» АӨК-нің директоры Тахирбек Нишанбаев алдағы уақытта тәулігіне 5-10 тонна етті бастапқы қайта өңдеу цехын құру және 1000 бастық сүтті бағыттағы ешкі фермасын құру жоспарымызда бар дейді.

801 қаралым