Жарияланды: 03.07.2020

Кардиологиялық орталықта провизорлық бөлім кеңейтілді

Шымкент қаласында қалалық кардиологиялық орталығында жүрек ауруымен бірге COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында жұқпалы аурулар емханасы ретінде жұмыс жасап жатқан провизорлық бөлімде қосымша 30 төсек орын қарастырылған.

Орталықтан ашылған арнайы бөлімде коронавируспен ауырған науқастардың денсаулығын жақсарту үшін үздіксіз оттегі берілетін 9 механикалық желдету аппараты қолданылады. Сонымен қатар, барлық қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

Провизорлық бөлімге алғашқы күннен бастап 20-ға жуық науқас келіп түскен. Ал, жағдайы өте нашар және ауырлығы орташа науқастар бірден ауруханаға жатқызылады. Келіп түскен науқастардың басым бөлігі екі жақты пневмония дертіне шалдыққандар. Жағдайы ауыр науқастар үшін орталықтағы реанимация бөлімшесінда қосымша 20 төсек дайындалған.

Қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында  шаһардағы денсаулық саласындағы атқарылып жұмыстарға Шымкент қаласының әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан барынша қолдау көрсетілуде.

844 қаралым