Бүгінгі күні Шымкентте 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекемелер жұмыс атқарады, — деді М. Әйтенов.
-Тіркелген 730 дәріхананың 560 жұмыс істейді. Бүгінгі күні қалада бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар, оның ішінде дене қызуын төмендететін 115 843 препарат 136 352 вирусқа қарсы препараттар 133 040 антибиотиктер. 44 253 қорап «С витаминдері» бар.
Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменттің аудандық Басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылылған. Мониторинг барысында бағасын негізсіз өсірген жағдайда әкімшілік шаралары көрсетілетіні ескертілді. Дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну да ескертілген.
Сонымен қатар полиция департаментінің тарапынан Шымкент қаласы Әлімқұлов көшесінен заңсыз дәрі дәрмек және медициналық құралдарын сақтау жағдайы анықталды. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған.