Шымкентте алғаш рет қаланың ішінен 4 жолайырық салынады. Бұл қаладағы көлік кептелісін азайтады. Нысандардың жобалық- сметалық құжаттамасы әзір дейді билік өкілдері, деп хабарлайды «Отырар.кз».
Бүгіннің өзінде 2 жолайырықты салатын мердігерлер анықталып қойған. Оның бірін әйгілі «Би АЙ Групп» компнаиясы жүргізеді. Келесі жылы жолайырықтардың бірі пайдалануға беріледі. Нысандардың құрылысы 2023-24 жылдарға дейін жалғасады.