Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат қырғыз-қазақ шекарасын кесіп өткен құжат таратылуда.
Құжатта Болат Назарбаев 2022 жылғы 6 қаңтарда 5.36-да Қырғызстан аумағына автокөлікпен кіргені көрсетіледі.
Өз дереккөздерінен 24.kg сайтына Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі шекараны «Ақ Жол-автожол» (КР) – «Қордай-автожол» (ҚР) БӨП арқылы кесіп өткені туралы белгілі болды.
«Болат Назарбаев Қырғызстан аумағына 6 қаңтарда кірді. Алайда сол күні ол «Манас» әуежайынан Бішкек-Дубай бағыты бойынша ұшып шықты», — деп хабарлады редакция.