Жарияланды: 03.02.2022

Жұлдызбен ажырасты деген Қайрат Нұртас жас қыздармен көңіл көтеріп жүр

Желіде әнші Қайрат Нұртастың жас қыздармен көңіл көтерген видеосы желіде тарады.

Белгілі эстрада әншісі Қайрат Нұртастың желіде жас қыздармен көңіл көтеріп жүрген бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Желідегі видеода Қайрат Нұртасқа ұқсайтын жігіт ән айтып отыр. Пікір жазған оқырмандардың ойлары екіге жарылған. Кейбіреуі әншінің ажырасып кеткеніне әлі де сенбесе, кейбірі «Не істесе де өзі біледі ғой, кімнің несі кетті?» деген секілді пікір жазған.

 

Соңғы кездері Қайрат Нұртастың жеке өмірі жиі талқыланып жүр. Әншінің жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімовамен ажырасып кеткені айтылады. Екеуі Instagram желісінде осы күні бір-бірін оқымайтын болған. Бұған дейін анасы Гүлзира Айдарбекова екеуінің жеке өміріне араласпайтынын, сондықтан өздері шешкенін қалаймын деген еді.

 

Сонымен қатар, жақында анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының АҚШ-та өткен концертінен көк тиын таппағанын айтқан.

Жақында Қайрат Нұртас «Жүрегімді аяймын» деген ән шығарған. Жаңа туынындының мәтінінде: «Әлі талай-талай мың, сатқындық көрермін» деген сөздер бар.

1 907 қаралым