Жарияланды: 17.05.2023

ҚР СІМ-де жалпыеуропалық ынтымақтастықты талқылау бойынша Қазақстан-Ресей консультациялары өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко арасында консультациялар өтті.

Консультациялар барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымын талқылады. Келіссөздер барысында ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық институттармен жалпыеуропалық ынтымақтастық аясында екі елдің өзара іс-қимылын талқылауға ерекше назар аударылды.

Р. Василенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Ол, сондай-ақ, екіжақты деңгейде де, өңірлік ұйымдар аясында да өзара сенімге негізделген ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде А. Грушко Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша тұрақты және дәйекті даму динамикасына ие екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша консультацияларға қатысушылар күн тәртібінде қаралған мәселелердің өзектілігін және осындай кездесулерді өткізудің пайдалылығын атап өтті.

242 қаралым