Жарияланды: 26.01.2019

«Яндекс.Такси» қазақстандық жүргізушілерден салық талап етеді

Компания салықшыларға барынша көмек беретінін айтып, меморандумға қол қойды. Алматы қаласы Медеу аудандық МКБ-ның баспасөз қызметі «Яндекс.Такси» қызметі жүйесімен жұмыс істейтін таксопарктердің барлығы салық органдарына жекелеген тасымалдаушылар жайлы мәліметті беретін болады, — деп мәлімдеді.

Басқарма мамандары жеке тұлғалардың «Яндекс.Такси» арқылы көрсеткен қызметінен түскен табысынан өз беттерінше салық төлеп отырғандарын айтты. Алайда талдау жұмыстары жүргізушілердің барлығының бірдей адал ниетті емес екенін көрсетті. 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап «Яндекс.Такси Қазақстан» компаниясы мен «Яндекс.Такси» қосымшасы арқылы қызмет көрсететін таксопарктер жеке тасымалдаушылардан салық міндеттемесін орындауды талап ететін болады.
МКБ мамандарының айтуынша, жеке такси жүргізушілері салықты екі жолмен төлей алады:
• жеке кәсіпкер ретінде тіркелу арқылы, бұл жағдайда салық мөлшерлемесі тапқан табыстың 1 %-ын құрайды;
• салық органында тіркелмей-ақ, заңнамада қарастырылған шарттардың барлығын сақтаған жағдайда ай сайын 1 АЕК (2 525 теңге) көлемінде бірыңғай жиынтық төлем жасау арқылы.

kolesa.kz

1 187 қаралым