Жастар арасында барлық салалар бойынша статистикалық сауаттылықты арттыру мақсатында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Халықаралық статистикалық білім беру қауымдастығы (ISLP) мен Халықаралық статистикалық институтының (IFSE) ұйымдастыруымен жүргізілетін оқушылар арасында Статистика тақырыбындағы постерлер сайысының республикалық кезеңі өткізілді.
Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Алсейтова Нұрлыбану, Асылхан Аида және Кенже Гүжаухар осы сайыста «Future of alternative energy» тақырыбында зерттеуге постер жасап, 3-орын иемденді. Жетекшісі — Тажибекова Молдир Галымовна Экономика пәнінің мұғалімі.