Жарияланды: 11.06.2019

«Робототехника» мен «Ағылшын тілі»курстарына арналған «ЖАЗҒЫ МЕКТЕП» жұмысын бастады

Мектептерде соңғы қоңырау соғылып, оқушылар жазғы демалысқа шықса да, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылармен жұмыс әлі жалғасуда.

2019 жылдың 10-шы маусым күні «Робототехника» мен «Ағылшын тілі» курстарына арналған «ЖАЗҒЫ МЕКТЕП» бағдарламасының ІІ кезеңінің ашылу салтанаты өтті. 

К-POP биімен шымылдығы ашылған салтанатты жиын мектеп директоры Б.М. Касимовтың алғысөзімен басталды. Балкан Маратұлы оқушыларды құттықтап, алдағы жазғы мектеп курстарын нәтижелі аяқтауына сәттілік тіледі. 

Салтанатты жиында «Полетаем» әні, «НИШ» биі және 2050-ден «ROBOLAND» планетасынан өзінің «Жер» планетасына түскен сиқырлы тасын іздеп келген робот көрінісі сахналанды.

3 165 қаралым