«Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы аясында Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына жол тартқан оқушылар Риддер қаласында да болып қайтты. Қала кішігірім, өзіндік мәдениеті мен дәстүрімен есте қалды. Оқушылар қаланың ботаникалық бағы, флорасы мен фаунасын, тарихи-өлкетанулық музейін тамашалаған оқушылар ғаламтордан ғана оқып-біліп жүрген нысандарды өз көздерімен көріп өздерінің зерттеу күнделіктеріне көрген, білгендерін жазып алып жүрді.
Келесі бағыттағы, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының музейіне саяхат, жас саяхатшылар қорықта сирек кездесетін өсімдіктерді зерттеп, қорықтың сұлу табиғатына таңданыспен қарап, өз зерттеу жұмыстарына біраз ақпараттар жинап қайтты.
Ары қарай, Зырян ауданының, Ермаковка ауылындағы Ертіс өзенінің форелді көбейту мен өсіру және қайта өңдеу бойынша «Гранд Фиш» ЖШС балық шаруашылығының қызметімен танысты. Бұл Қазақстандағы азық-түлік өндірісіндегі белді компаниялардың бірі болып саналады. Мұндағы балықтың қорегі Польша елінен әкелінеді. Сұрақ-жауап барысында, мектебіміздің жас зерттеушілері болашақта балық қорегін өз елімізде де болатындығын және бұл мәселені шешуде жұмыла жұмыс жасайтындықтарын айтты. Саяхатшылар сапарларын Қазақстандағы ең ірі Су электр станцациясы саналатын Өскемен ГЭС-н мен аяқтады.
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қайта оралған мектебіміздің жас зерттеушілері Шымкент ХББ және Павлодар ХББ оқушылары арасында ұлттық спорт жарысына қатысты. Екі командада тең түсіп, достық ұтысын жеңіп алған, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы жобасын сәтті аяқтап, Шымкент қаласына жол тартты.