Жарияланды: 26.09.2019

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағыты талқыланды

Шымкент қалалық «Нұр Отан» партиясының филиалында Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағыты және қолжетімді медицина тақырыбы төңірегінде семинар өтті.

Жиынға қатысқан жетінші қалалық емханасының бас дәрігері Оспанова Айман Қожанқызы денсаулық сақтау саласындағы сақтандыру  турасында толық  ақпарат берді.

Айман Қожанқызы: «Бұрынғыдай алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем шақыру, санитарлық авиация көмегі, басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы тегін көрсетіледі. Осыны  әрбір азамат ескеру қажет. Мемлекет халық денсаулығына қажеттіліктің барлығын басты назарға алған. Сондай-ақ, науқастың дертін анықтау мен толықтай емдеуге қажетті шығынды жабу ендігі жерде МӘМС жүйесі арқылы іске асырылды. Бұған маман дәрігердің кеңесінен бастап, дертті анықтау мен емдеуге қажетті шараның барлығы кіреді. Стационарлық ем алу түрі мен дәрі-дәрмек тізбесі ұлғаяды. Қажетті диагностикалық құрылғылар мен қондырғалар қызметі де қол жетімді болмақ. Яғни, қазіргі күні тұрғындар қосымша қаржы шығындап отырған медициналық қызметтердің барлығы міндетті сақтандыру жарнасы есебінен төленеді».

956 қаралым