Жарияланды: 01.04.2020

Тыным таппай еңбек етуде

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданының тазалыққа жауапты мекемелер бүгінде тынбай еңбек етуде. Ауданға қарасты Мангедин көшесіндегі № 34, 36, 36а, А. Асқаров көшесіндегі№ 32, 32а көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы ағаштарды әкету, тазалық, лоток жүйелерін тазарту жұмыстары атқарылды. Зиянкестерден сақтау үшін көше бойындағы барлық ағаштардың түптері ақталды. Жұмыла кіріскен жұмыстың арқасында айнала мұнтаздай тазарып, көркем кейіпке енді. Кестеге сәйкес жұмыстар жалғасуда.

1 088 қаралым