Жарияланды: 01.04.2020

Қауырт жұмыс кестесіне көшкен…

Шымкенттегі «Жеңіс» саябағы қаладағы ең көне бақтардың бірі. Аумағы 2 гектарды алып жатқан саябақта үш мыңнан астам ағаш бар. Биылғы көктемде 500 данадан астам раушан гүл отырғызылды. Аты айтып тұрғандай саябақта «Ерлік» мұражайы, Сабыр Рахымовтың ескерткіші бар. «Жасыл қала» серіктестігі саябақтың тазалығы мен көгалдандыруын өз жауапкершілігіне алған. 7 жұмысшы саябақтың мұнтаздай таза болуы үшін тер төгеді. Даңқты қолбасшы Сабыр Рахымовтың ескерткіші ұдайы шаң тозаңнан тазартылып тұрады, арнайы күтімге алынған. Биыл ғана саябақ аумағында поэзия бұрышы ашылған болатын. Жасыл желекке көмкерілген саябаққа келушілердің қатары тым көп. Қоғамлық орын болған соң жабық болмауы керек деп қоршаудың барлығы алынып тасталған болатын.  Саябақ әкімшісі Марал Мамырзақызы: «Еліміздегі жағдайға қарамастан қауырт жұмыс кестесіне көштік. Саябақтағы көпжылдық ағаштардың түбі қопсытылып, көгал егілді. Ұдайы суғарып, ерекше күтімге алғанбыз. Жұмысшылар таңертеңнен бастап, аяқжолдарды сыпырып, тазалық жұмыстарын жүргізеді» дейді.  

Бақдәулет Таңбай

 

885 қаралым