Жарияланды: 01.04.2020

Тазалық шаралары қатаң бақылауда

Шымкенттің 117 мың гектарының 20 мыңнан астам гектар аумағында 301 мыңнан астам халқы бар Еңбекші ауданы елімізде жарияланған төтенше жағдайдағы тыныс тіршілігі жайлы аудан басшысы Ғалымжан Ильясов арнайы өткізілген брифинг барысында мәлімдеді.

Ғалымжан Ильясов, Еңбекші ауданының әкімі: «Көксай 3» шағынауданында №307 в үйде беташар рәсімі өткен. «Риза» мейрамханасында 96 адам отбасылық іс -шара өткен Ол азаматтарға ҚР ӘҚБК 476 бабына сәйкес аудандық ІІБ тиісті хаттама толтырылған». Коронавирус індетінің таралуына тоқсауыл қою мақсатында аудан аумағында 12 мекеме 630 көпқабатты тұрғын үй жанындағы алаңды және 435 аулада залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, қоқыс алаңшалары, саябақтар мен гүлзарлар аумағы дәріленді. Қалада тазалық шаралары толығымен атқарылуда.

 
992 қаралым