Бүгін Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы аумағындағы «Алаш» базары бір күнге жабылып, базар аумағында толықтай дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі аппаратында құрылған жұмысшы тобы жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстарын арнайы барып қадағалады. Қазіргі таңда аудан аумағындағы барлық базарлар мен сауда орталықтарында дезинфекция жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл біріншіден қала тазалығы үшінт аса маңызды болса, екіншіден қала тұрғындарының саулығы үшін аса қажет болып отыр. сондықтан да жауапты мекеме мамандары базар аумағының барлығын тазалап шығып, сосын зарасыздандыру жұмыстарын жүргізді.