Жарияланды: 30.04.2020

Уәде орындалды

Шымкент қаласындағы «Асар» шағынауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 тұрғын үй салынған. Өкінішке қарай, күні бүгінге дейін көпшілігінің сыртқы қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Жергілікті тұрғындар қала әкімі алдында мәселені айтқанда, демеушілер есебінен жөндеп беруге уәде берген болатын.

Қазіргі таңда сол үйлердің ірге тасын қалаған «АҚ ордасы» құрылыс компаниясы кепілдік мерзімінің өтіп кеткеніне қарамай өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Бүгін қала басшысы Мұрат Әйтеновтың аудан тұрғындарымен кездесу барысында жергілікті халық қала әкімі мен демеуші компанияға алғысын жаудырды.

«Бір ауыз сөзімізді жерге тастамай, уәдеңізде тұрғаныңыз үшін үлкен рақмет. Жөндеу жұмыстары басталды, өзіңіз де келіп қадағалап жатырсыз. Міне тұрғындардың барлығы риза. Мердігер компанияның, әкімнің арқасында үйіміздің сырты өзгеріп жатыр. Дән ризамыз, қала мерекесіне дейін бітіреміз деп мердігер уәде беріп жатыр»,- дейді Асар шағын ауданының тұрғыны Салтанат Сұлтанмұратова.

Өз кезегінде қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы да демеушілік жасап жөндеу жұмыстарын бастаған «АҚ ордасы» құрылыс комапниясына алғыс білдірді. Бұл халықтың үддесінен шығып, сеніміне ие болу үшін жасалған үлкен қадам екенін ерекше айтып өтті.

889 қаралым