ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент қаласының көлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді.
Шымкентте Үкімет басшысына биылғы желтоқсанға дейін салу көзделген, өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы туралы баяндалды.
Үкімет басшысы әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын «Rixos Turkestan» және «Hampton by Hilton» қонақ үйлерінің, сондай-ақ «Sembol construction» түрік компаниясы салып жатқан «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы барысымен танысты. Аталған барлық қонақ үй-туристік нысандарын осы жылы пайдалануға беру жоспарда бар.
Премьер-Министрге «Әзірет Сұлтан» музей-қорығын абаттандыру жоспары таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі