Жарияланды: 29.06.2020

Білім беру жүйесін цифрландыру –оңды нәтиже

Білім беру жүйесін цифрландыру – салада сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға оң септігін тигізеді. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «Антикор лайф» жобасының кезекті шарасында осыны айтты. Білім саласы – маңызды та­қырып. Ұлттың болашағы бі­лім-ғылыммен қаруланған келешек ұрпақ­тың қолында. Бұл бесенеден белгілі. Дегенмен, адами капиталды дамытамыз деп жүргенде саланы сыбайлас жемқорлықтан тазарту басты мақсат, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы.  Осыны ескерген сала жетекшілері адалдықтың ауылынан алыстап кеткендері «Адалдық алаңымен» бірлесе жасалған жоба төңірегіне топтастырмақ. Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысының сөзіне сенсек, бұдан былай орта білім беру ұйымдарындағы асханалардың жұмысы онлайн трансляция бойынша қадағаланады. Мектеп асханалары мердігерін анықтау кезінде де бармақ басты көз қысты әрекеттерге жол берілмейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұйымдастыруымен өткен шарада сала басшысы сондай-ақ, ҰБТ  науқанының қорытындысын тілге тиек етті. Шымкент қаласынан 5 күн ішінде 3 577 оқушы тест тапсыруға өтініш беріп, 3 318-і тестке қатысқан. Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін арнайы мониторингтік топ жұмыс істеуде. Ондағы мақсат — тестілеудің «тазалығын» бақылау болып табылады.

 

993 қаралым