Жарияланды: 30.06.2020

Шымкентте жол құрылысы қарқынды

Шымкентте жол құрлысы қарқынды. Мегаполистің орталық көшелері қайта жаңғырып жатыр. Рысқұлов көшесінде қайта асфальт төселіп қосымша веложол салынуда. Шалғай елдімекен тұрғындарыда шаң мен балшықтан құтылып жатыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Бұл Бозарық шағын аудынының орталығы. Мұнда биыл 10  көшеге жаңадан асфальт төселді.  Жол мәселесі Бозарық тұрғындарының өзекті мәселесі еді. Халықтың тілегі орындалып тұрғындар жазда шаң қыста батпақтан құтылды.  Қайрат Баймедиев — Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Жалпы 7,8 шақырым 230 млн теңге бөлінді қазіргі таңда 14,19,22 ші көшелерге асфальт төсілді. Диларам Әлиева – қала тұрғыныРахмет мына жол жақсы болып қалды.  бұрын батпақпен жүруші едік. Қаланың күре жолы саналатын Рысқұлов көшесінеде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Ойдым ойдым болған ескі асфальт қопарылып жаңа жол төселуде. Жол жағасынан веложол болады. Рысқұлов көшесінің  4 км 200 метр-і жөнделеді. Бұған бюджеттен  1 млрд 400 млн теңге бөлінген. Кенесары Санақұлов – учаске басшысы Қазіргі Өтеген жол қиылысы мен Өтеген жол қиылысына дейін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Лоток қойылып екі шетінен жаяу жол төселіп жатыр. Барлығы отандық өнімдер. Қалада автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  2976 шақырым.  Оның 1758 шақырымы асфальт жол,  1107-сіне   тас төселген,   112 шақырымы топырақ жол.  Жалпы жолдың 56.5 пайызы ғана қанағанаттанарлық жағдайды. Биыл осы көрсеткішті 60 пайызға жеткізу басты назарда. 

1 422 қаралым