Без рубрики

Заңсыз құжаттарды сұрату бойынша Г.Нұрбекованың мәлімдемесі негізсіз екенін мәлімдеді

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан , Г. Нұрбекованың заңсыз құжаттарды сұрату бойынша берген ақпаратының негізсіз екенін мәлімдейміз. Себебі №4 қалалық емханаға жеке инвесторды тарту, қызметтер мен тауарлардың әлеуетті инвесторларына ашық конкурс арқылы айқындау бағдарламасының әкімшісі мен ұйымдастырушысы «Shymkent» ӘКК болып табылады. 1938 жылы салынған №4 қалалық емхана ғимараты стандартқа сай келмейді. Содан бері күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілді ...

Читать далее »

«Этносаралық қатынастардағы шиеліністерді реттеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 20-22 желтоқсан аралығында ​ «Этносаралық қатынастардағы шиеліністерді реттеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. ⚜️Семинар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің пилоттық жобасы негізінде еліміздің барлық облыстарында өткізілді. ⚜️Семинар жұмысына «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары, Түркістан облыстық КХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері, этнос өкілдері тығыз шоғырланған ауыл округтері әкімдерінің орынбасарлары, ...

Читать далее »

БЕЙБІТ ЕЛДЕ ҒАНА БЕРЕКЕ БОЛАДЫ

Бүгін Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориал-ескерткіштің ашылуы рәсімі өтті. Шараға Мемлекет басшысы арнайы келіп, тағзым етті. Аталған мемориалда жыл басында елімізде орын алған қайғылы оқиға бейнеленген. Бұл – бейбіт наразылыққа шығып, елдің тұтастығын бұзуға ниеттенген топтың кесірінен опат болған боздақтардың рухына тағзым ретінде орнатылған ескерткіш. 2022 жылдың қаңтарында еліміз дүр сілкінді, көптеген жазықсыз адамдар қайтыс болды, олардың арасында балалар ...

Читать далее »

Бас дәрігер Алғыс хатпен марапатталды

Еселі еңбек ел алғысымен өлшенбек. Ал ел Президентінің алғысының орны тіптен бөлек. Денсаулық сақтау саласындағы үздіксіз еңбектен бөлек қоғамымызда орын алып жатқан елеулі оқиғаларға белсене атсалысу да азаматтық борышымыз.   Жуырда ғана еліміз үшін айырықша орны бар Президент сайлауы науқаны өткені белгілі. Аталмыш шараға үлес қосқаны үшін Шымкент қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері Махамбет Бейсеуов мемлекет басшысының алғыс хатын алды. ...

Читать далее »

Мұғалімдердің жалақысын көбейтуге 1,2 трлн. теңге бөлінді

Биыл республикалық бюджеттен мұғалімдердің жалақысын көбейтуге, оларға біліктілік санаттары, магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге және дене шынықтыру мұғалімдерінің сабақтан тыс сабақ өткізуіне 1,2 трлн теңге (2,5 млрд доллар) бөлінді. Оның 121,5 млрд теңгесі мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне, 1,04 трлн теңгесі орта білім беру ұйымдарына, 39,8 млрд теңгесі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бағытталды. Биыл мұғалімдердің жалақысы мен ...

Читать далее »

ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 Бүгін Желтоқсан оқиғасына 36 жыл толуына орай және ҚР Президентінің «Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін жоспарлы түрде насихаттау туралы» тапсырмасы аясында желтоқсан қатысушыларымен кездесу өткізілді.  Жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді арттыра отырып, Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, 36 жыл бұрынғы өрімдей жастардың ерлігін бүгінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Желтоқсан — тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты ұйымдастырылған басқосу еркін форматта өтті.  Ұлтжандылықтың ерекше үлгісін көрсетіп, ел ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АҚЫН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

Түркістандағы «Farab» кітапханасында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған ақын» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған ақын» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ақынды мерейтоймен құттықтап, елге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. – Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен ...

Читать далее »

Барлық балалардың құқығы қорғалуы керектігі туралы түсіндірме жүргізілді

    Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Болашақ» мектеп-гимназиясында 10 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты 7 сынып оқушылары арасында мектептің педагог-психолог маманы Сабира Азимбаеваның ұйымдастыруымен тренинг сабағы болып өтті. Тренинг барысында оқушылар балалық шақ туралы ойларын айта келе, қазіргі таңдағы балалар әлеміндегі жаңалықтармен жалғады. Бұл пікір алмасу алаңы оқушылар үшін ...

Читать далее »

Ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылды

  Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы аға сот орындаушысының міндетін атқарушы Б.Нұрпейісовтың төрағалығымен “Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министірінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы N39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы » бұйрығына сәйкес, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен семинар өтті. Аталған іс-шара барысында, құқықтық кеңес беру, сот актілерін орындау ...

Читать далее »

Өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірді

  Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Е.Киргизов атқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша келіп түскен арыз-шағымдардың санын азайту мақсатында азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдау барысында, сот актілерінің орындалуы бойынша борышкерлер мен өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттері, өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау, алимент өндіріп алу туралы құқықтық ақпарат ...

Читать далее »