Месячные архивы: Март 2023

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БҮЙРЕК ТАС АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ЖАҢА ӘДІСІ ЕНДІРІЛДІ

Биыл Түркістан қалалық орталық ауруханасында 15 ультрамини — перкутанды нефролитотрипсия отасы сәтті орындалды.   УМПН – бүйректі емдеудің жоғары тиімді әдісі (тиімділігі 95% жетеді) перкутанды нефролитотрипсия әдіске қатысты бірқатар артықшылықтарға ие. Бұл ота барысында қан аз кетіп, ота дренажсыз (нефростомиясыз) аяқталды және бүйректің өзі де, оның қуыс жүйесі де аз жарақаттанады. Соның арқасында науқастар отадан кейін 3-4 күнде стационардан шығарылады. ...

Читать далее »

Заңсыз аңшылыққа қатысты 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысы аумағында браконьерлікті анықтау және жолын кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулау жайттарына қарсы 24 ақпан мен 13 наурыз күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлерінен арнайы мобильді топтар құрылып, өзендер, су айдындары және т. б. жағалауларда кешенді рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда. Тәртіп сақшылары атқарған жұмыс нәтижесінде, табиғатты қорғау заңнамасын ...

Читать далее »

50-ден астам тіркелмеген қару анықталды

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы мен басқа да мүдделі сала қызметкерлері бірлесіп, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның қорытындысы бойынша 50-ден астам тіркелмеген қару алынып, 400 астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.   Нақтырақ айтсақ, рейдтік жұмыстардың 10 тәулігінде полицейлер заңсыз айналымнан 37 аңшы мылтығы, 6 газды тапанша, 7 шолақ және 1 ойық мылтық қаруын тәркілеп алды. Сондай-ақ іс-шара барысында тәртіп ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты кең дәріптеу мақсатында жиын өтті. Түркістан өңіріне қарасты 100-ден аса дін өкілі мен мешіт имамын қамтыған келелі басқосуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов пен оның орынбасары ...

Читать далее »

Түркістан облысында 4000-нан астам көлік қазақстандық нөмір алды

Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 23 қаңтардан бүгінгі күнге дейін 10 101 тұрғынның өтініші келіп түсті. Соның арасында барлық талапқа сай келетін 4126 көлік заңдастырудан сәтті өтті. Оның ішінде 3809-ы Ресей Федерациясының көлігі болса, 285-і Арменияға тиесілі. Сондай-ақ Қырғызстаннан 17 көлік, Грузиядан 11 көлік, Оңтүстік Кореядан 3 көлік, Латвиядан әкелінген 1 көлік бар. Одан бөлек 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін ...

Читать далее »

Стамбұлда айт қуанышын сезініңіз…

Екі құрлықты жалғастырған Стамбұл – Рамазан айының ерекше әдет-ғұрпын сақтайтын ерекше мекен. Түрік мәдениетінде «Он бір айдың сұлтаны» аталатын Рамазан айы – іштей Жаратқанды тану, сабыр сақтау, бармен бөлісу, құлшылық ету мен  ораза ұстау айы. Биыл Рамазан айы 23 наурыздан 20 сәуірге тура келеді. Стамбұлға асыққан туристер Рамазанның қалалық әдет-ғұрыптары мен мәдениетін көзбен көреді. Адамдар сүйіспеншілік, мейірімділік және төзімділік көрсетуге ...

Читать далее »

Шымкентте 600-ге жуық азаматтың тұрғын үй жалдау ақысы субсидияланады

Тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 591 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 380 азамат пен Отбасы банкі арасында келісім шарт түзіліп, тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызына мемлекет тарапынан төлемдер аударылды. Субсидия — мемлекет тарапынан төленетін тұрғын үй кезегін күткен азаматтардың жалдамалы пәтерлері арендалық құнының 50 пайыздық ақысы. Бағдарлама талаптарына сәйкес бұл жеңілдікке пәтер кезегіндегі 1 және 2 топтағы мүгедектер, ...

Читать далее »

Шаруаларға берілетін дизельдің бағасы белгілі болды

Көктемгі егін жұмыстарын жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінген, бұл өткен жылғыдан 13 мың тоннаға көп. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтып берді. «Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі мен мұнай өңдеу зауыттары ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді», — деді Әбілхайыр Тамабек ...

Читать далее »

Түркістан облысында наурыз мерекесі 10 күн бойы атап өтіледі

Түркістанның рухани-мәдени елорда мәртебесін көтеру мақсатында белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл мақсатта алда келе жатқан ұлттық мейрам — Наурыз мерекесі облыста 10 күн бойы атап өтіледі. Бастама облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен жүзеге асады. 10 күн бойы әр атаулы күнге жеке-дара үлкен мән беріліп, «Тазалық күні», «Мейірімділік күні», «Балалар күні» секілді ерекше форматта өткізілмек. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан ...

Читать далее »

Аудан әкімі батыр оқушыны марапаттады

4 наурыз күні Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны, Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Нұркелді Нұрполат суға ағып бара жатқан 3 жастағы баланы құтқарып қалған болатын.   Бұл оқиға еліміз бойынша БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қазақстандықтар батыр балаға ризашылықтарын білдірді. Күні кеше аудан әкімі Бақыт Асанов Нұркелді Нұрполатты жеке қабылдап, аудан жұртшылығы атынан алғысын айтып, ...

Читать далее »