Жарияланды: 04.07.2020

Бұқаралық спортты дамыту – басты мақсат

Бүгінде қоғамымызда өмір сүріп жатқан мүмкіндіктері шектеулі азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту – басты мақсат. Елімізде ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен дәстүрлі паралимпиадалық ойындары өткізіліп тұрады. Шымкент қаласының № 19 мүгедектерге арналған спорт – клубында 16 спорт түрі, 400-ге жуық спортшыларымыз бар.  Жақында өткен Германияның Ом  қаласында әлем чемпионаты өткен болатын. 26 ел қатысқан бұл чемпионатқа, біздің елден Ұлттық құрама командасынан 19 спортсмен қатысты. Соның ішінде біздің спорт-клубымыздан  Қалымбетов Ермек 3-ші орын иемденсе, Шыршықбаева Жайна қызымыз 5-ші орынды қанжығасына байлады. 

Тағдырдың тәлкегіне түскен жарымжан жандарды қоғамға бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне қолайлы жағдай жасау – бүгінгі қоғамның басты талабы.  Оларға  қолдау көрсету еліміздің саяси міндетіне айналуда.

Қазіргі таңда аймағымызда мүгедектердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету жағдайы да жан-жақты қарастырылған. Өйткені, жүріп-тұруларына ыңғайлы көліктің болуы, нысандарға еркін кіруге жайлы пандустардың орнатылу жарымжан жандар үшін ең өзекті  мәселе екендігі баршамызға аян.

Осыған орай, Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” деп аталатын өзінің алғашқы Жолдауын жариялады. Онда Отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру” бағытына арнайы тоқталған болатын. Онда мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлу қажеттігі, медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту шараларын ерекше атап өткен болатын.  Халық денсаулығын жақсарту мәселесімен қоса спорт инфрақұрылымын балалар үшін барынша қолжетімді ету қажеттігін де тілге тиек еткен болатын. Шымкент қаласында мүгедектерге арнаулы көмектер баршылық, десек те жол көліктерін көбейтсе артық болмас еді.

Қаламыз үшінші мегаполиске айналғалы, қаламызда қарқынды жұмыстар жүргізілуде.  “Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы” көптеген іс-шаралар атқарылып, игі жұмыстар жүргізілуде.

                                           Дана  ІЗТАЕВА,

“Шымкент қаласының №19 мүгедектерге арналған спорт клубы”  директорының орынбасары

 

adilettv.kz 

738 қаралым