Жарияланды: 04.07.2020

Ұлттық руханиятқа қосар үлесі мол

Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланғаны белгілі. Жыл сайын атап өтілетін бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі мол. Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым ғой! Осы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында Барша қазақ елін Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасын  САЗ КОЛЛЕДЖІ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ. Колледж ұжымының өнерпаздары барша шымкенттіктерге онлайн концерт ұйымдастырды. «Нағыз қазақ қа­зақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» Ұлы ұлт­тың баласы, ұлықта Дом­бы­раң­ды!» дейді колледж ұжымы. Мәдениет қызметкерлерін қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. 

687 қаралым