Жарияланды: 04.07.2020

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында…

Жұмыс беруші үшін медициналық сақтандыруды енгізуден түсетін негізгі пайда- өндірістегі шығындарды азайту. Қазақстанда жыл сайын 2,6 млн. астам қызметкер денсаулығына байланысты жарамсыздық қағаздарын рәсімдейді. Егер күн сайын әрбір қызметкер орта есеппен 12,6 мың теңгеге өнім шығарса, онда жұмыс берушілердің жыл сайынғы шығыны шамамен 370 млрд.теңгені құрайды. ⠀ Ұйым қызметкерлері үшін сақтандыру медицинасы дегеніміз не? Бұл: ⠀ — жоспарлы стационарлық көмек; ⠀ — дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;⠀ — жоғары мамандандырылған медициналық қызметтер;⠀ — оңалту қолдауы ⠀ — кеңес беру және диагностикалық көмек; ⠀ — мейірбике күтімі — паллиативтік көмек (пациент пен оның жақындарының өмірін жақсарту). ⠀ Осылайша, медициналық сақтандыру жұмыспен қамтылған азаматтардың денсаулығын сақтайды, ауруханалық демалыстардың ұзақтығын азайтады және жұмыс берушілердің шығындарын қысқартады. Шымкент қаласында бүгінде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. 

 

 

699 қаралым