Жарияланды: 04.07.2020

Медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетілуде

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру, отбасы және балалық институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Пандемия басталғалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Медицина қызметкерлерін қолдау көрсету қала әкімінің бақылауында тұр. Қазіргі уақытқа дейін шымкенттік 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді.  Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін   24 қызметкерге  8,7 млн теңге бөлінді. Екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшелерге, 845 медицина мамандарына 258,3 млн теңге бөлінді. Үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 421 медицина ұйымының қызметкеріне 51,3 млн теңге бөлінді. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері.Алдағы уақытта медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

726 қаралым