Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Дендросаябақта абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын орнату және жарықтандыру жобалары аяқталуға таяу. Қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Саябақты көгалдандыруға биыл 10 млн-ға жуық қаржы бөлінген. Бұл қаржыға жасыл желектің қатары толығып, суару жүйесі жаңаланбақ. Сондай-ақ, саябаққа жақын күндері сирек кездесетін гүлдер де отырғызылған. Төтенше жағдай кезінде кіре берістегі негізгі қақпа жаңаланып, баспалдақтар қайта салынған. Сонымен қатар, демалыс аймағында әжетханалардың саны да артпақ.
Жарияланды: 05.07.2020