Жарияланды: 05.07.2020

Тұрғындар тілегі назардан тыс қалмайды

Бүгінде Шымкент қаласындағы бірқатар жолдар мен көпірлердің жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Қаладағы Тассай шағын ауданындағы Ақсүмбе, көшесінді құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталған болатын.  Аталған көше күні кеше пайдалануға тапсырылды. Тақтайдай түзу жолға тұрғындар риза. Ал Нұр-Сұлтан даңғылымен қиылысы жуырда аяқталады деп жоспарлануда. Жол бойында асфальт, жарықтандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер жолы — тратуар және бағдаршам мен аялдама, арық жүйесі қарастырылған. Мақсұт Исақов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Ақниет елді мекеніндегі Шарайна көшесінің тұрғындары есік алдына жетпей салынған асфальт жол үшін шағымданған болатын. Жолдар квартал көшелерінің стандартты көлемінде салынып, коммуникациялық жұмыстар мен көгалдандыру үшін қалдырылған. Осы ретте тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, мән-жайды түсіндірдік. Сондай-ақ, олардың өтініші бойынша қосымша асфальт төселетін болды».

726 қаралым