Жарияланды: 06.07.2020

Мәдениет қызметкерлерінің мерейін асыруда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы жолдауында елдегі бірқатар түйткілді мәселелердің шешілуіне жол ашты. Атап айтар болсақ, осы уақытқа дейін еңбегі еленбеген мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру. Үкімет мәдениет мамандарына өзге салалармен тең дәрежеде көңіл бөлуде. Бүгінде Шымкент қаласындағы мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлінуде. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтіп, өзге салалармен тең дәрежеде міндетті әлеуметтік жеңілдіктер берілуде. Ұлжалғас Мұстафаева — мәдениет саласының үздігі.  Өнегелі өмірінің 45 жылын осы салаға арнаған білікті маман. Ол  жұмысы көрінбейтін кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің жұмысын ескерген  Президентің бұл шешімін қолдап отыр. Ұлжалғас Мұстафаева: «Мәдениет саласына осы уақытқа дейін көп көңіл бөлінбеген болатын. Енді Қасымжомарт Кемелұлының бірінші жолдауында кітапхана, театр, өнер саласы мамандарының жалақысын, мәртебесін көтеру туралы әңгімелер айтылды. Мәдениет саласының жұмысы өте ауыр. Кітапханашыларды ойлайды, олардың жұмысы жоқ деп. Азаннан кешке дейін шаңның ортасында, кішкентай тамшы болса да бір балаға өзінің көмегін көрсетіп, білімін беріп отырады. Олардың айлығы көбейіп жатса, ынта жігері артып, мәдениет саласы мамандарының одан сайын жұмысын сапалы атқарады деп ойлаймын. Енді бұдан бұлай оларға үй, пәтер алу барлық жағдайына көмек көрсетіп жатса, құба-құп. Мен өте қуаныштымын».

980 қаралым