Жарияланды: 07.07.2020

Құрылысқа Отандық өнімдер пайдаланылған

Шымкент қаласы орталығының басым бөлігін алып жатқан Әл-Фараби ауданында ойын, спорт алаңшаларының құрылысы қарқынды. Биылдың өзінде 200- ге жуық балалар ойын алаңшаларын пайдалануға беру көзделген. Өскелең ұрпақты қуанышқа бөлеген құрылыс жұмыстарын тілші әңгімелейді, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Ағымдағы жылдың алты айында Әл-Фараби ауданында 100 аула ел игілігіне тапсырылған. Қосымша  Республикалық  бюджет есебінен 47 аула жасалып жатыр. Қарқынды құрылысқа арнайы бағдарлама бойынша  196 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылған.  Ғабит Мәуленқұлов – Әл-Фараби ауданының әкімі: «Біздің ауданымызда 34 спорт алаңшалары бар, олардың бүгінгі таңда 18-і жөнделіп жатыр. Алдағы 3 айда толығымен жөндеп бітеміз деп отырмыз. Жергілікті бюджеттен тағы 36 аула жасау керекпіз. 200 — ге жуық аула жасалып жатыр». Мердігерлер нысанды тездетіп мерзімінен бұрын тапсырамыз, деп отыр. Дегенмен ойын, спорт алаңшаларынның сапасы басты назарда. Нұрлыбек Дубаев, мердігер: «Бұл жерде 12 аула бар. Оған 171 млн теңге бөлінген. Бұл істеп жатқанымыз соңғы үй. Осы төрт үйдің ауласын қамтып жатырмыз».  Тапсырған алаңшаларға 3 жыл кепілдік беріледі. Осы уақыт аралығында бүлінген жері болса компания жөндеп береді. Құрылысқа Отандық өнімдер пайдаланылған. Айтқандай Әл-фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Ондағы аулалардың 70 пайызы ойын, спорт алаңдарымен қамтылған. Алдағы жылдары барлық аулаларды талапқа сай абаттандырамыз –дейді аудан әкімі.

741 қаралым