Жарияланды: 07.07.2020

Заманауи технологияның жетістігі көп

Ауыл шаруашылығы саласына заманауи агротехнологиялар енгізбей, жетістікке жету өте қиын. 2019 жылы жаңа технологиямен 25 га қарқынды бау және 5,5 га жүзімдік егілді. 2015-2019 жылдар аралығында қарқынды бау көлемі 275,54 га жеткізілді.
Былтыр Шымкент қаласындағы ЖК «Шарипов» фирмасы 2 гектар жерге өнеркәсіптік жылыжай салды. Жылына 600 тонна көкөніс өндіруді жоспарлап отыр. Жобаға жұмсалған қаражат 600 млн теңгені құрады. Бұдан бөлек, «Оңтүстік FOOD» 3 га жылыжай кешенінде жылына 800 тн көкөніс өсірмек (жоба құны – 750 млн теңге), «AltCompanyInvest» 5 га жылыжай кешенінде жылына 1000 тн көкөніс өсірмек (жоба құны – 700 млн теңге), «Арман Групп» 3 га жылыжай кешенінде жылына 800 тн көкөніс өсіреді (жоба құны – 700 млн теңге), «Altcompanyinvest» ЖШС және «Колесников»ЖК, «Мажитова» ЖК, «Зәуре» ШҚ секілді агрофирмалар өнеркәсіптік жылыжай жобаларын жүзеге асырмақ. Олардың қатарында Мәртөбе ауыл округінде орналасқан өнеркәсіптік деңгейде жылыжай шаруашылығын алғашқылардың бірі болып қолға алған «КазАгроном» ЖШС де бар.
Өз кезегінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өнеркәсіптік жылыжай салуға – 4 086,8 млн теңге, жеміс шырынын өндіруге – 21,5 млн тг, көктемгі дала жұмыстарына 10 млн теңге арзандатылған несие бөлген. Инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеу үшін республикалық бюджеттен 236,1 млн теңге қаражат субсидияланды.
Сонымен қатар қала аумағында 2,5 мың гектар жер терең қопсыту технологиясымен өңделді.

Шымкент келбеті

 

680 қаралым