Індетпен күрес қызып, төтенше жағдай жариялан карантин кезінде үйлерінде отырған жерлестеріміздің көңілін аулау мақсатында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының әртістері де сырт қалмай, көрермендерімен әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығуда. Күнгей өңірінде 37 жылдан астам тарихы бар балаларға арналған өнер ордасының екі труппасы да қазақ және орыс тілдерінде онлай режимде жұмыс істеуде, дейді театр мамандары. Карантин жарияланған бері өнер ордамыздың жұмысы да жаңа тәртіппен жүруде. Онлайн көріністерді қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ыбырай Алтынсариннің ертегілері мен Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын оқудан бастадық. Одан кейін театрымыздың майталман әртістері бала жанының рухани баюына үлкен септігін тигізіп, тәрбие дәнін себетін қазақ халық ертегілері мен батырлық эпос «Алпамыс», «Керқұла атты Кендебай», «Бәрекелді, кірпі!», «Аленький цветочек», «Теремок» және т.б. қойылымдары көрермендер назарына ұсынудамыз, — деді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Айгерім Сапарбекова. Өнер шаңырағының ұжыммы бұған қоса балалардың өй-өрісін дамыту мақсатында түрлі танымдық іс-шаралар, «Тыңда, ертегі балақай!» айдары, поэзия сағаттары, қазақтың ұлттық ойындары мен сергіту би-жаттығулары видео көріністер мен челлендждер арқылы ұсынуда. Мәденит қызметкерлерін қолдау шараларына театр қызметкерлері өз ризашылықтарын білдіреді.
Шымкент келбеті