Дәл бүгінгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты.
Өкінішке орай, 18 адам пандемияның құрбаны болған.
— Ағымдағы жылдың 1 маусымында 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді.
Яғни, науқастар саны күрт артты,-деп мәлімдеді Мұрат Әйтенов.
Ағымдағы жылдың 1-ші маусымындағы жұқпалы ауруханалардағы төсек орын қоры 490 орын болған. Ал, маусым айының соңына дейін қосымша 160 төсек орын ұйымдастырылып, нәтижесінде төсек орын қоры 650-ге жеткізілген.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 1-ші маусымы мен 7-ші шілде аралығында 1640 науқас жатқызылды, оның ішінде 1276 коронавирус жұқтырғандар немесе 77,8 пайызды құраған.