Жарияланды: 11.07.2020

Сапалы медициналық қызметке қол жеткізіп отыр

Шымкенттегі ауруханалар мен жедел жәрдем көліктері өкпені жасанды желдету аппаратымен толық қамтылды. Қажетті 123 аппараттың 50-і жедел жәрдем көліктеріне берілсе, қалғаны ауруханалар мен емханаларға және үй жағдайында емделіп жатқан жағдайы ауыр науқастарға үлестірілген, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Алғашқы көмектің жедел қызметін көрсетушілер, енді сапалы медициналық қызметке қол жеткізіп отыр. Махаббат Дауырбаева – жедел жәрдем байланыс орталығында диспетчер болып жұмыс істейді. Күнделікті түскен барлық қоңырауға жауап беріп, науқастарға кеңес береді. Тәжірибелі маман әрбір соғылған қоңыраудың артында адам тағдыры тұрғанын жақсы түсінеді. Сондықтан өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды.

Махаббат Дауырбаева —  диспетчер

Шақыртудың басым бөлігі пневмония, ОРВИ, ауа жетпей жатыр, дем алу қиындады, температура 37-39 деп түседі. Екі консультант дәрігеріміз бар. Қайда апару керегін айтып отырады. Кеңес керек болса телефонмен кеңес береді.

Қазіргі таңда мегаполиста 9 жедел жәрдем подстанциясы мен 6 филиалы бар. Онда 100 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олардың барлығы заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Шаһардағы ауруханалар мен емханалар және жедел жәрдем көліктері 123 өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтылған. Оның 50-і транспорттық бағытта жұмыс істеуде. Үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға оттегіні жеткізу құралдары мен дәрі-дәрмек дер кезінде жеткізіліп беріледі. Сондай-ақ, қаладағы барлық емханаларда қосымша күндізгі стационарлар жұмыс істейді. 

Дильмурат Абдраимов —  фельдшер

Науқастың өзі дем ала алмай қалған кезде ИВЛ аппарат бар. Бұл науқастың орнына демалады. Оттегі орталық ауа толтырылған балонға қосылған. Оттегі беріліп, науқастың орына дем алады. 02:04 Науқастың жағдайы қандай ауыр болмасын кезкелген жағдайда көмектесе аламыз. Осы аппараттың көмегімен. Жүрек тоқтасын, басқа болсын.

Күн сайын жедел жәрдем станциясының байланыс орталығында тұрғындарға 15 диспетчер қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем шақырту үшін «103» немесе 53-91-14 нөріне хабарласуға болады. Алайда ақхалаттылар алдымен шын мұқтаж жандарға көмек көрсетілетінін айтады.

738 қаралым