Жарияланды: 11.07.2020

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ 60 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАҚЫРТУ ТҮСКЕН

Шымкентте 1 маусымнан бастап жедел жәрдем қызметіне 59 925 шақырту түскен. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық ақуал баяндалған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «отырар. Кз». Айтуынша осы аралықта күніне шақыртулар саны 2 есеге дейін өскен. Мәселен, қоңыраулар саны  1091-ден 2080 дейін артқан. Осыған байланысты, жедел жәрдем қызметі бойынша «103», КОЛЛ-орталығы (109, 1430) диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайтылды. 100 бірінші кезектегі құрал-жабдықтармен қамтылған жедел жәрдем көліктері қызмет көрсетуде. Медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында оң нәтижелі жұмыстар атқарылуда. 

632 қаралым