Жарияланды: 15.07.2018

Өңдеу технологиясы қолданылады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «КелесПласт» ЖШС –і бүгінгі заманға сай өнім өндіріп отыр. Соңғы шыққан өңдеу технологияларының көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптер мен полиэтиленді жабындарды өндіріп отыр.  Өндіріске қажетті шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерінің 100 пайыз  қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өңдеу ауданның экологиясына оң әсер етеді. «КелесПласт» ЖШС цехы 2018 жылдың ақпан айында іске қосылды. Негізгі қызмет түрлері жылыжай шаруашылықтары үшін полиэтиленді жабындарды өңдеу мен өндіру, жылыжайларға арналған металл қысқыштар мен көшет материалына арналған пластикалық стақан шығару, полиэтиленді тоқыма кендіржібін өндіру. Ал аудандағы «Жабай ата» жылыжай шаруашылығы бүгінде өркендеу үстінде. Тамшылатып суару технологиялары қолданылады. Еліміздің солтүстік аймақтарын жыл бойы экологиялық таза көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шаруа қожалығының төрағасы Ергеш Төребековтың айтуынша, заманауи технологияларды пайдалану жабық жер жағдайында жыл сайын 3300 тонна элиталық сұрыпты қызанақтар мен қиярлар шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің 60 пайызы ішкі нарықта сатылады, ал қалғаны — экспортқа жіберіледі.

 

1 211 қаралым