Жарияланды: 12.08.2020

ЖОО ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА ДАЙЫН

Шымкентте жаңа оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледждерде оқыту қашықтан жүргізіледі. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті  былтырғы оқу жылының соңында 5000-нан астам студент қашықтан білім беру                 жүйесіне       көшкен. Биыл да солай болмақ. Ал, шалғай ауданда тұратын және шетелдік студенттер үшін жатақхана дайын екендігін айтады. Университет жанында орналасқан 500 орындық студенттер үйі сақадай сай, кең жиілікті интернет желісімен қамтылған, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.  Сондай-ақ, биыл оқу ордасы   200 жаңа компьютермен толығып отыр. Оның барлығы қажетінше аталған студенттер мен оқытушыларға беріледі. Бұл Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі бағытындағы білім беру сапасын арттыру үшін жасалып жатқан жағдай.  Гүлжан Сүгірбаева, ОҚМПУ ректорының міндетін атқарушы: «Биыл білім ордасы 1500-дей абитурент қабылдамақ. Жоғарғы курс студенттері қашықтан оқу тәжірибесімен таныс болғанмен, 1-курсты онлайн оқытуда қиындықтар туатынын ескеріп отырмыз». Оқу ғимараттары, жатақханалар мен кітапханаларға талапқа сай залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, кіреберістерде дезинфекциялық дәліз және антисептикалық құралдар ортанылған.

662 қаралым