Жарияланды: 13.08.2020

«1000 сауда орны» жобасын іске асыруды жеделдетуді тапсырды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен қаладағы әлеуметтік саладағы құрылыс мәселесі жөнінде жиын өтті. Онда салаға жауаптылар қазіргі таңға дейін атқарған жұмыстарын қала әкіміне баяндады.

«Shymkent» ӘКК» АҚ мәліметінше, осы күнге дейін жоспарланған 66 жобаның 32-сі жүзеге асқан. Қалған 31 жоба жасалу үстінде екен. Ал 3 жоба нақтыланып жатыр. Оның ішінде, үй құрылысы – 9, білім — 9, денсаулық сақтау – 6, сауда нүктелері – 13, шағын және орта бизнеске қатысты – 6, өндіріс – 16, агро өнеркәсіп кешені бойынша – 7 жоба.

Жиын соңында қала әкімі инвесторлар есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін жылына 1 млн шаршы метрге дейін ұлғайтуды, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен бірлескен бағдарлама әзірлеуді, «1000 сауда орны» жобасын іске асыруды жеделдетуді тапсырды.

 
680 қаралым