Жарияланды: 21.10.2020

ШЫМКЕНТ: АЙКӨЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданын аралау барысында Айкөл тұрғын алабына барды.

Биыл аталған тұрғын алаптың халқы көптен күткен сапалы ауыз суға қол жеткізді. Жұмыстар «Содби-строй» ЖШС-і мекемесімен жүзеге асырылған. Шаһар басшысы орнатылған су жинағыш және су айдағыш қондырғыларды тексерді.

Сонымен қатар, аумаққа электр энергиясын жүргізу мақсатында сметалық құжаттар дайындалу үстінде. Ал, табиғи газ жүйесі алдағы жылы шешілетін болды.

300-ден аса тұрғыны бар тұрғын алаптың ендігі мәселесі интернет желісі болып тұр. Айкөл тұрғын алабын интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында «Мобайл телеком сервис» ЖШС-і және «Kcell»АҚ арқылы байланыс орнату жұмыстары қарастырылып, келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.

Қала әкімі қашықтықтан білім алу барысында интернет мәселесінің тездетіп шешілуі қажет екенін айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

962 қаралым