Жарияланды: 10.11.2020

HALYK BANK ҰСТАЗҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Қараша айында Halyk Bank-тің “Ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны” ауқымды науқанының жеңімпазы Алматы облысыҚарасай ауданыҰлан ауылының мұғалімі Галияш Барлыбаева атанды. Жеңімпаз Алматы қаласындағы “Хан-Тәңірі” элиталық тұрғын үй кешеніндегі 3 пәтердің алғашқысын жеңіп алды. Жыл соңына дейін осы беделді тұрғын үй кешенінде тағы 2 пәтер ойнатылады.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды акция, яғни Алматы қаласының экологиялық таза элиталық ауданында үш жайлы пәтер ұтысқа тігілді. Атаулы ұтысқа қатысу шарттары өте қарапайым: 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін Halyk Bank-те 50% жеңілдікпен тиімді кредит немесе артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеуге зат ресімдеп, ай сайын Homebank қосымшасындағы қызметтерді төлеу жеткілікті.

Науқанның барлық шарттарын орындаған клиенттер арасында пәтердің алғашқы иесі банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, тікелей эфирде, Halyk Bank қызметкерлері қатарынан құралған комиссия және нотариустың қатысуымен кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен жеңімпаз анықталды.

Ұтыс ойынының жеңімпазы – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ұлан ауылының мұғалімі, төрт баланың анасы.

-Мен ешқашан осы уақытқа дейін қандай да бір ұтыс ойынға қатысқан емеспін, өйткені, шынымды айтсам, ұтысқа сене бермейтінмін, – дейді жаңа пәтердің иесі Ғалияш Барлыбаева. Ал бұл жолы басқа банктен алған кредитімді Halyk Bank арқылы қайта қаржыландыру жасадым. Ресімдеу кезінде қызметкерлер пәтер ұтысына қатыса алатынымды айтты, ол үшін кредитті алғаннан кейін Homebank-те төлемдер жасау керек екен. Аса мән бере қоймадым. Қала сыртында үйіміз болғанымызбен Алматының өзінде пәтеріміз жоқ. Пәтерді армандап қана қоятынбыз. Армандар орындалады екен. Бүгін Халық банктің арқасында пәтерлі болдық. Бұл пәтерді енді өзіміздің игілігіміз үшін қолданамыз. Қыздарым қазіргі уақытта қалаға қатынап оқиды. Қала сыртында тұрғандықтан оқуына барып-келуі қиын. Енді өз үйінде, қала ішінде тұрып, қиналмай білім алатынын болды. Бұл үшін Халық банкке алғысымызды айтамыз. Осындай игі істеріңіз бен науқандарыңыз көп бола берсін. Барлық клиенттер мен жалпы ел тұрғындарына айтарым, ұтыс ойынға қатысыңыздар, пәтер ұтып алыңыздар!,- дейді ұтыс ойынның жеңімпазы Галяш Барлыбаева.

Пәтерлер ұтыс ойыны жыл соңына дейін ай сайын өткізіледі. Сізде Алматы қаласының қақ ортасындағы “Хан-Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа жайлы пәтердің иесі атаныңыз.

Homebank-те бір рет кредит алып, 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін қызмет ақысын төлей отырып, ай сайын келесі 2 пәтер ұтысына қатыса аласыз. Науқан шарттарына сәйкес кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз және Homebank-те төлем жасасаңыз, Алматыда пәтер ұтып алу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары болады.

“Ай сайын пәтерлер ұтысы” науқанына қатысу үшін 2020 жылғы 20 желтоқсанына дейін:

  1. Келесі кредиттердің бірін рәсімдеу қажет:
  • Банк бөлімшесі арқылы 500 000 теңгеден басталатын кепілсіз кредит
  • Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын онлайн-кредит
  • Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн-бөліп төлеуге зат алу
  • 1 000 000 теңгеден басталатын шұғыл қажеттіліктерге кредит
  • 1 000 000 теңгеден басталатын ипотекалық қарыз, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар (“7-20-25”, “Баспана -ХИТ” ипотекасы).
  1. Homebank-те 7 қыркүйектен 20 желтоқсанға дейін кез келген төлем жасау:
  • Төлемнің ең аз сомасы – ұтыс ойынның барлық кезеңінде айына 1 000 теңге
  • Төлемнің ең аз саны – әр айдың 20 жұлдызына дейін 1 төлем (қараша, желтоқсан)

 

Пәтер ұтып алудың бірегей мүмкіндігін пайдаланыңыз – “Halyk Bank-тен ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны” науқаны бойынша кредит алып, Homebank-те төлем жасап және Алматының беделді ауданындағы “Хан-Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерді ұтып алыңыз! Кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз, пәтерді ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Науқан бойынша барлық соңғы жаңалықты Halyk Bank-тің Instagram (@halykbank.kz) және Facebook парақшасында біліңіз.

1 294 қаралым