Жарияланды: 31.12.2020

Шымкент: Д.Қонаев даңғылындағы құрылыс жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта нысанда теміржолдың айналма жолы бойында қадалар орнату, оның бойында электр желілері мен байланыс сымдарын салу және кәріз жүйелерінің орнын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні ауыстырылуы тиіс 15,1 шақырымның 4 шақырымын (26%) құрайтын инженерлік желілер, 24 дана желі бағандары, 700 метр екі бағытты айналма темір жолы салынып, оны магистралды темір жолға қосу 2021 жылдың ақпан айына жоспарлануда.

Қорғасын станциясында темір жолды бұру және сигналды бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары толығымен орындалып, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның теңгеріміне тапсыру жұмыстары атқарылуда.

Жерге орналастыру жобасына сәйкес 42 жер телімін мемлекеттік мұқтажға алу қажет. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, жер телімдері мен ғимараттарды бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2021 жылдың 10қаңтарында аяқталады.
2021 жылға бөлінген қаржыға теміржол өткелін, тоннел, тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары атқарылатын болады.

Жалпы Қонаев даңғылын ұзарту жобасы 4 кезеңінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, оның үшеуінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.

3 994 қаралым