22 маусым күні “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының аппараты мен қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Жиында партияның қоғамдық-саяси және идеологиялық міндеттер пысықталды. Сондай-ақ, депутаттардың партия жарғысын орындауы мен әдепті бұзбауы жөніндегі мәселелер айтылып, талқыланды.
Мәжіліс барысында “Nur Otan” партиясының Шымкент қалалық филиалының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы сайлау алды бағдарламада көрсетілген 149 іс-шараны сапалы орындау міндетін тағы бір пысықтап, қалалық мәслихатындағы фракция мүшелеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеді.